Адрес:
Мангистауская область, г. Актау, 13 микрорайон, здание №4
График работы:
Ежедневно с пн-сб 
с 9:00 до 17:00

Қызылша

Тақырыбы:  Қызылша

Қызылша – аурудың жалпы жағдайының бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығумен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - миксовирустар, қоршаған ортада тұрақсыз, адам организмінен тыс жерде тез өледі, бірақ ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды.

Аурудың көзі - қызылшамен ауырған адам. Қызылша әсіресе бастапқы (катар) кезінде және бөртпе шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш келеді. Бөртпе шыққаннан 4 күн өткен соң науқас қауіпті емес.  Таралу жолы - ауа – сілекей жолы. Қызылшамен ауырған кезде болған жөтелу, түшкіру инфекцияның таралуына себеп болады. Қызылшамен ауырғандармен бір бөлмеде және қасындағы бөлмелерде болу жұғу қаупін төндіреді.

Клиникалық белгілері: қызылшаның 4 кезеңі бар. Жасырын кезең 9 – 10 күнге созылады, ал егілген балаларда 21 күнге дейін болады.  Катаралдық кезең 3 – 5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38 – 39º С  дейін  көтеріледі, катаралдық белгілер пайда болады: мүрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюнктивит, көз қарығу (жарыққа қарай алмайды) болады. Осы кезеңде ұрттың шырышты қабықтарында, кіші азу тістерінің тұсында қызылшаға ғана тән Бельский – Филатов – Коплик белгісі: қызыл жиектері бар, ұсақ ақ дақтар (папулалар) пайда болып, олар 2 – 3 күнге дейін сақталады. Мұнымен қатар жұмсақ таңдайдың сілекейлі қабығында қызғылт ұсақ дақтар (энантема) пайда болады. Ауырған баланың беті қабырыңқы, көзі қызарып, жасаураған, қабақтары ісіңкі, көзі қарығулы, мұрнынан су ағып тұрады.   Бөртпе шығу кезеңі. Аурудың дене қызуы 39 – 400 С  дейін көтеріліп, көңіл - күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ештеңеге зауқы соқпайды. Аурудың денесіне кезеңмен бөртпе шығады. Бірінші күні ауырған баланың бетіне, құлақтың артына, мойнына теңбіл терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығады. Екінші күні денесіне шығып, кейбір бөртпелер қосылып, ұлғаяды. Үшінші күні бөртпе қолдарына, аяқтарына тарайды. Бөртпе шығып болғаннан кейін аурудың дене қызуы төмендеп, жалпы жағдайы  жақсарады. Қызылша кезіндегі бөртпелер қолдың, аяқтың ішкі және сыртқы беттерін тұтасымен жауып, өзгермеген тері үстінде пайда болады. Бөртпелердің бірнеше түрі байқалуы мүмкін: бір науқастарда оның ірі дақ, басқаларында ұсақ дақ тәрізді болуы мүмкін.

Реконвалесценттік кезең ( аурудан жазылу кезеңі) бөртпе шыққандағы  кезегімен жойылады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінің жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді. Оның ағзасы әр алуан микробтарға қарсы тұра алмайды.

Қызылшаның клиникалық түрлері; ұқсас және ұқсас емес түрі. Ұқсас түрі өту барысына байланысты жеңіл, орташа, ауыр түрлерге бөлінеді.

Қызылшаның әлсіз (митигированная) түрі. Егерде ауру балаға жасырын кезеңінде иммуноглобуллин егілген болса,  қызылшаның  әлсіз (жеңіл) түрі байқалады. Қызылша бұл жағдайда жеңіл өтеді, дене температурасы қалыпты болмаса субфебрильдік, интоксикация белгілері болмайды. Бельский – Филатов – Коплик белгісі жоқ, бөртпелердің шығу кезеңдері сақталмайды.

Асқынуы: Пневмония,  ларингит, бронхит, энцефалит, ларинготрахеобронхит.

Емдеу: Ауруды оқшаулау, ауырған балалар көбіне үйлерінде емделеді. Ауруханаға қызылшаның тек ауыр түрі және ауруды оқшаулауға болмайтын жағдайда ғана жатқызады. Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті – қолын уақытылы жуу,  көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.  Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек. Витаминдер комплексі. Симптомдық ем.

Ақтау  қаласындағы  медицина  колледжі 

«Балалар  аурулары»   пәнінің  оқытушысы  Смайлова З. Қ.

Курсы
Эстетическая косметология – визажист
Эстетическая косметология – визажист

Срок обучения 1,5 месяца.

36000 т.
«Массажист»
«Массажист»

Срок обучения 1 месяц

36000 тенге
Парикмахер - стилист
Парикмахер - стилист

Срок обучения 1,5 месяца

36000 тенге
«Маникюрша»
«Маникюрша»
36000 тенге
Курсы повышения квалификации для медицинских работников среднего звена
Курсы повышения квалификации для медицинских работников среднего звена

Срок обучения 1 месяц

 

36000 тенге
Секретарь-реферант
Секретарь-реферант

Срок обучения 1 месяц

 

36000 тенге
Повар-кондитер
Повар-кондитер

Срок обучения 2 месяца

 

36000 тенге
Бухгалтер 1С
Бухгалтер 1С

Срок обучения 2 месяца

 

36000 тенге
Оператор ЭВМ
Оператор ЭВМ

Срок обучения 1 месяц

 

36 000 тенге
Оказание первой доврачебной помощи (парамедик)
Оказание первой доврачебной помощи (парамедик)

Срок обучения 1 месяц

36000 тенге

Перепечатка, а равно использование материалов с данного сайта, разрешена только по согласию с владельцем.

`$site.phones[0].num_title`
Наш адрес:
Мангистауская область, г. Актау, 13 микрорайон, здание №4
Показать на карте