Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «2019-2020 оқу жылында денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің білімі мен дағдыларын бағалау мәселелері бойынша» нұсқаулық хатты жолдайды.
Вице-министр О. Әбішев
Орын.: М. Кайдаулов
Тел.: 75 07 72
2019-2020 оқу жылында денсаулық сақтау
саласында техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары
бойынша түлектердің білімі мен дағдыларын
бағалау мәселелері бойынша нұсқаулық хат
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығын іске асыру мақсатында оқыту мамандықтары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау көзделген және тиісті мамандықты бітірушілердің құзыреттері тізбесіне негізделеді.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес: білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларына сәйкес медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау жүзеге асырылады.
Бұйрыққа сәйкес:
1) білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі - білім мен дағдыларды бағалау) - білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құзыреттердің (білім мен дағдыларды) қалыптасу деңгейін бағалау;
2) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) – білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша теориялық білім деңгейін компьютерлік жолмен анықтау;
3) дағдыларды бағалау – білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары оларды көрсету барысында практикалық дағдыларымен меңгеру деңгейін анықтау.
2019-2020 оқу жылы білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым жүргізетін болады.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау медициналық білім беру ұйымдарымен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйыммен келісілген және оқу процесінің кестесінде көзделген мерзімде өткізіледі.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы медициналық білім беру ұйымдарының өкілдері, денсаулық сақтаудың және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымның білікті мамандары қатарынан қалыптастырылады.
Білім мен дағдыларды бағалауға медициналық білім берудің барлық деңгейіндегі білім алушылары жатады. Қорытынды аттестаттау кешенді емтихан түрінде өткізіледі және 2 кезеңнен тұрады: 1 - білімді бағалау (компьютерлік тестілеу), 2 - дағдыларды бағалау (1-кесте).
Компьютерлік тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тестілеу түрінде ақпараттық бағалау жүйесі платформасында оқу пәндері бойынша теориялық білімді бағалау әдісі арқылы жүргізіледі.
Дағдыларды бағалау білім беру ұйымы базасындағы клиникалық станцияларда симуляциялық технологияларды және ақпараттық бағалау жүйесін қолдану арқылы жедел жағдайлар бойынша жүргізіледі.
- кесте
I кезең – (компьютерлік тестілеу) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым
|
|
II кезең (дағдыларды бағалау) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым
- емдеу ісі - мейіргер ісі - стоматология |
II кезең (дағдыларды бағалау) - білім беру ұйымдары өз бетінше
- ортопедиялық стоматология - фармация - гигиена және эпидемиология - зертханалық диагностика - медициналық оптика - мейіргер ісі, көзі бойынша мүгедектерге арналған массажист біліктілігі |
Тестілеуге қатысқан оқушылардың апеляциясыз тестілеу нәтижелері ақпараттық бағалау жүйесіндегі жеке кабинетінде көрсетіледі. Сонымен қатар, ақпараттық бағалау жүйесінде тіркелген кезде көрсетілген электрондық адреске жіберіледі.
Тестілеуге келмеген оқушы тестілеу қорытындысы хаттамасында көрсетілмейді. Компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім алушылар екінші кезеңге - дағдыларды бағалауға жіберілмейді.
Білімді бағалау кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушыларға қорытынды аттестаттау комиссиясы қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға жіберу туралы шешім шығарады және оның мерзімін анықтайды. Бірінші кезеңді қайта тапсыруға ақылы негізде екінші кезең басталғанға дейін бір рет рұқсат етіледі. Бірінші кезеңді қайта тапсырғаны үшін ақы төлемеген білім алушылар білімін бағалауға жіберілмейді.
«Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Стоматология» мамандықтары бойынша дағдыларды бағалау сәйкесінше клиникалық дағдыларды бағалау әдістерін қолдану арқылы білім алудың нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі (объективті құрылымдық клиникалық емтихан).
Дағдыларды бағалау жедел жағдайлар бойынша 5 клиникалық станцияда жүргізіледі:
- «Жүрек тоқтағанда жедел көмек көрсету»
- «Жарақат алғанда жедел көмек көрсету»
- «Парентеральді инъекция техникасы»
- «Жарақаттың біріншілік өңдеуі және жараны таңу»
- «Коммуникативтік дағдыларды бағалау»
Дағдыларды бағалау білім беру ұйымының базасында экзаменаторлармен симуляциялық технологияларды және ақпараттық бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дағдыларды бағалау нәтижелері оқушыларға бағалауды жүргізген күні беріледі. Бағалаудың аппеляциямен қоса алғандағы қорытынды нәтижесі аппеляцияға өтініш берілген күннен 48 сағаттан кешіктірілмей көрсетіледі.
Қорытынды аттестаттаудың бірінші және екінші кезеңін қайта тапсырған кезде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушыға мамандық бойынша оқудың толық курсын бітіргені туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 32 пунктіне сәйкес). Оқушыға білім беру ұйымының базасында қорытынды аттестацияны келесі жылы ақылы түрде білім беру ұйымымен келісілген мерзімде қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Бірінші кезең бойынша аппеляцияға беру реті ақпараттық бағалау жүйесінде көрсетілген. Соған сәйкес оқушы берілген тестінің ішінен аппеляцияға беру үшін сұрақтарды таңдап 24 сағат ішінде апелляция беруге құқылы.
Тестілеудің аппеляциямен қоса алғандағы қорытынды нәтижесі аппеляцияға берген оқушыға ақпараттық бағалау жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы аппеляциялық комиссия отырысынан кейін 24 сағаттың ішінде хабарланады.
Екінші кезең бойынша аппеляцияға беру аппеляциялық комиссияға, емтиханның барлық қосымшаларымен бірге (клиникалық станциялардағы емтихан видеожазбасы, клиникалық станциялардағы оқушыны бағалау қағазы) жазбаша аппеляциялық арыз жазу арқылы жүзеге асырылады.
Қорытынды аттестацияның білім мен дағдыларды бағалау бойынша аппеляциямен қоса алғандағы қорытынды нәтижелері оқушылардың ақпараттық бағалау жүйесіндегі жеке кабинетінде хабарланып, білім беру ұйымдарына жалпы хаттама ретінде беріледі.
Біліктілік деңгейі көрсетілген диплом беру туралы шешім қорытынды аттестаттау (білім мен дағдыларды бағалау) нәтижелері негізінде қабылданады.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалаудың оң нәтижелері біліктілік деңгейі көрсетілген диплом беруге және маман сертификатын беру үшін өтініш беруге негіз болады.
Вице-министр О. Әбішев
Инструктивное письмо
по вопросам оценки знаний и навыков
выпускников технического и профессионального,
послесреднего образования в области
здравоохранения в 2019 – 2020 учебном году
В соответствии с Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» уполномоченный орган в области здравоохранения осуществляет руководство и межотраслевую координацию в области медицинского и фармацевтического образования.
В целях реализации Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения», приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 апреля 2019 года № ҚР ДСМ-46 «Об утверждении правил оценки знаний и навыков обучающихся по программам медицинского образования» (далее–Приказ) предусмотрена оценка знаний и навыков обучающихся по специальностям обучения и основывается на перечне компетенций выпускников соответствующей специальности.
Согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 «Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»: итоговая аттестация обучающихся – процедура, проводимая с целью определения степени освоения обучающимися объема учебных дисциплин.
Итоговая аттестация обучающихся по программам медицинского образования осуществляется в соответствии с Правилами оценки знаний и навыков обучающихся по программам медицинского образования, утвержденной приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 апреля 2019 года № ҚР ДСМ-46.
Согласно Приказу:
1) оценка знаний и навыков обучающихся по программам медицинского образования (далее – оценка знаний и навыков) – оценка качества усвоения обучающимися образовательных программ и уровня сформированности компетенций (знаний и навыков), необходимых для оказания медицинских услуг;
2) оценка знаний (компьютерное тестирование) – определение уровня теоретических знаний обучающихся по программам медицинского образования компьютерным путем;
3) оценка навыков – определение уровня владения обучающихся программ медицинского образования практическими навыками в процессе их демонстрации.
Оценка знаний и навыков обучающихся 2019-2020 учебного года будет проведена организацией, осуществляющей оценку знаний и навыков обучающихся, аккредитованной уполномоченным органом в области здравоохранения.
Итоговая аттестация обучающихся по программам медицинского образования проводится в сроки, согласованные с организациями медицинского образования и организацией, осуществляющей оценку знаний и навыков обучающихся, аккредитованной уполномоченным органом в области здравоохранения, и проводится в сроки, предусмотренные графиком учебного процесса.
Состав итоговой аттестационной комиссии по программам медицинского образования формируются из числа представителей организаций медицинского образования, квалифицированных специалистов здравоохранения и организацией, осуществляющей оценку знаний и навыков обучающихся, аккредитованной уполномоченным органом в области здравоохранения.
Оценке знаний и навыков подлежат обучающиеся всех уровней медицинского образования. Итоговая аттестация будет проведена в форме комплексного экзамена и включает 2 этапа: 1 - оценка знаний (компьютерное тестирование), 2 - оценка навыков (Таблица 1).
Компьютерное тестирование проводится на платформе информационной системы оценки (далее – ИСО) в виде тестирования автоматизированным компьютерным способом путем измерения теоретических знаний по преподаваемым учебным дисциплинам.
Оценка навыков проводится на клинических станциях на базе организаций образования по неотложным состояниям с использованием симуляционных технологий и ИСО.
Таблица 1
I этап (компьютерное тестирование) – организация, осуществляющая оценку знаний и навыков обучающихся, аккредитованная уполномоченным органом в области здравоохранения
|
|
II этап (оценка навыков ) – организация, осуществляющая оценку знаний и навыков обучающихся, аккредитованная уполномоченным органом в области здравоохранения
- лечебное дело - сестринское дело - стоматология
|
II этап (оценка навыков) - организациями образования самостоятельно
- стоматология ортопедическая - фармация - гигиена и эпидемиология - лабораторная диагностика - медицинская оптика - сестринское дело, квалификация массажист для инвалидов по зрению
|
Результаты тестирования без учета апелляции доводятся до сведения обучающихся, участвовавших в тестировании в день проведения тестирования в личном кабинете ИСО. Также результат направляется на указанный электронный адрес обучающегося при авторизации в ИСО.
Обучающиеся, не явившиеся на тестирование, в протоколе результатов тестирования не отображаются. При получении неудовлетворительной оценки по результатам компьютерного тестирования обучающиеся не допускаются ко второму этапу итоговой аттестации - оценке навыков.
Лицам, получившим оценку «неудовлетворительно» при прохождении КТ, итоговая аттестационная комиссия выносит решение о допуске к повторной пересдаче первого этапа итоговой аттестации и определяет ее сроки. Пересдача первого этапа допускается один раз на платной основе на базе организации по оценке до начала второго этапа итоговой аттестации. Обучающиеся, не оплатившие за пересдачу первого этапа, на оценку навыков не допускаются.
Оценка навыков по специальностям «сестринское дело», «лечебное дело», «стоматология» проводится в соответствии с конечными результатами обучения с применением соответствующих методов оценки клинической компетентности (объективный структурированный клинический экзамен).
Оценка навыков проводится по 5 клиническим станциям по неотложным состояниям:
- «Оказание неотложной помощи при остановке сердца».
- «Оказание неотложной помощи при травмах».
- «Техника парентеральных инъекций».
- «Проведение первичной обработки раны и накладывание повязки».
- «Оценка коммуникативных навыков».
Оценка навыков осуществляется экзаменаторами на базе организаций образования с использованием ресурсов симуляционных технологий и ИСО.
Результаты оценки навыков предоставляются в день проведения оценки навыков. Окончательные результаты оценки навыков с учетом апелляции отображаются после завершения работы апелляционной комиссии не позднее 48 часов со дня подачи заявления на апелляцию.
Обучающимся, получившим оценку «неудовлетворительно» при повторной пересдаче первого или второго этапов итоговой аттестации, выдается справка установленного образца об окончании полного курса обучения по специальности (согласно п.32. приказа МОН РК №125 от 18 марта 2008 г.). Обучающемуся предоставляется возможность пересдачи итоговой аттестации на платной основе на базе организации образования в следующем учебном году, в сроки, определенные по согласованию с организацией образования.
Порядок подачи апелляции по первому этапу определен ИСО, в соответствии с чем, обучающиеся вправе выбрать вопросы из предлагаемого теста для подачи апелляции во время тестирования и в течение 24 часов направить апелляцию на рассмотрение апелляционной комиссии.
Результаты тестирования с учетом апелляции доводятся до сведения обучающихся, подавших апелляцию, в личном кабинете ИСО, в течении 24-х часов после заседания апелляционной комиссии.
Апелляция по второму этапу итоговой аттестации осуществляется путем подачи обучающимся письменного апелляционного заявления в апелляционную комиссию с приложением материалов экзамена (видеозаписи экзамена на клинической станции, оценочного листа обучающегося по заявляемой клинической станции).
Общие результаты оценки знаний и навыков итоговой аттестации, с учетом апелляции доступны обучающимся в личном кабинете ИСО и предоставляются организациям образования в виде сводного протокола.
Решение о выдаче диплома с указанием уровня квалификации принимается на основе результатов итоговой аттестации (оценки знаний и навыков).
Положительные результаты оценки знаний и навыков обучающихся по программам медицинского образования служат основанием для выдачи диплома с указанием уровня квалификации и подачи заявления для выдачи сертификата специалиста.
Вице-министр О. Абишев
Результаты согласования
13.02.2020 17:34:19: Сатершинова Ж. Е. (Управление медицинского образования ) - - cогласовано без замечаний
13.02.2020 17:35:05: Сыдыкова С. И. (Департамент науки и человеческих ресурсов) - - cогласовано без замечаний